Данияров Асылхан Касымович
1967 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданында дүниеге келген.
1975-1985 ж Шардара қаласыШардара орта мектебін бітіріп шыққан.
1994 жылы Шымкент қаласы, «Қошқар ата» медресесінде оқып, 1995 жылдан бастап, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінде кезекші молда қызметін атқарған.
1998 – 1999 жылдар аралығында Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылындағы орналасқан «Таяқты Ешан» медресесінде 1 – жылдық курсты оқып бітірген.
2001 жылы Шымкент қаласы «Өтес батыр» атындағы Ислам институтына «Имам Хатиб» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітіне найб имам қызметіне, 2006 жылы осы аталған мешітке бас имам қызметіне тағайындалған.
2005 жылы Алматы қаласындағы 4 – айлық имам молдалардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімін жетілдірді.
2007 жылы қасиетті Мекке Мәдина қаласына барып Исламның бесінші парызы «Қажылық» амалын орындаған.
2009 жылы Нұр Отан ХДП Шардара филиалының алғыс хатымен марапатталған.
2009 жылы «Өскен – өңір» газетінің бас редакторының алғыс хатымен марапатталған.
2010 жылы қасиетті «Құрбан айт» мерекесінде имандылық жолында жемісті еңбек етіп, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға, ауызбіршілігін дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
2011 жылы ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имамының алғыс хатымен марапатталып, отбасымен Бурабай санаториясына дем алуға жолдама берілген.
2011 жылы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің алғыс хатымен марапатталған.
2012 жылы ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имамы Мырзагелдиев Бейбіт қажы Әліпбекұлының «Жылдың үздік қаламгері» номинациясымен марапатталған.
2012 жылы Түркия, Болу қаласы 2 – айлық имамдардың білімін жетілдіру курсында білімін жетілдірген.
2013 жылы аудан әкімінің қасиетті Рамазан айының Ораза айт намазында алғыс хатымен марапатталған.
2013 – 2014 ж.ж Қазақстан Республикасының Рухани келісім күніне орай аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
2014 жылдан «Шартарап – Шарайна» газетінің штаттан тыс тілшісі қызметін атқаруда.
2014 жылы Қазақстан Республикасы ОҚО Qurmet – AB Қоғамдық бірлестігінің «Ынтымақ» медалімен марапатталған.
2015 жылы тұңғыш рет ҚМДБ – ның ұйымдастыруымен Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Ислам бейбітшілік діні», – атты Республикалық имамдардың I – форумында Оңтүстік өңірінің (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, ОҚО) атынан баяндама жасаған.
2015 жылы Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
2015 жылы ОҚО Психологиялық медициналық педогогикалық кеңес беру мекемесінің басшысы Ш. Шырынбекованың мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталған.
2017 жылы Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен марапатталған.
2017 жылы 19 сәуір күні ҚМДБ – ның ұйымдастыруымен Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Ислам және өркениет», -атты Республикалық имамдардың IІ – форумында делегат болып қатысып қайтқан.
2018 жылы аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев 21 желтоқсанда өткен аудандық мәслихаттың ХХІІ сессиясының шешімі негізінде берілген «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыс етті.
Отбасылы, жұбайы екеуі 2 қыз 2 ұл тәрбиелеп отырған иманды үлгілі отбасы.