ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Әбу Ханифа медресесінің биылғы бітіруші студенттерімен арнайы кездесу үшін іссапармен Алматы қаласына барды. Іссапардың мақсаты осы жылы түлек болатын шәкірттерді ОҚО-на жұмысқа тарту болатын.
Өкіл имам: «Бүгінгі таңда білімді әрі білікті жас мамандарға қажеттіліктің қатты» екендігін айтып, бітірушілерді Оңтүстік Қазақстан облысына қызмет етуге шақырды. ОҚО өкіл имамы А. Керімбектен басқа өзге облыстардың өкіл имамдары да аталмыш студенттермен кездесті.
Облыс имамының екі күндік іссапары екінші күні ҚМДБ Имамдардың білімін жетілдіру институтында (ИБЖИ) жалғасын тапты. Ол жерде білімін шыңдап жатқан имам-молдалармен кездесіп, оларға әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан оқуға уақыт тауып жатқандары үшін өкіл имам А. Керімбек шынайы ризашылығын білдірді. Кездесу соңында ОҚО Бас имамы ИБЖИ-ның директорына Кенжеәлі қажы Мырзабаевқа институтқа сіңіріп жатқан ерен еңбегі үшін рахметін айтып, арнайы алғыс хатпен марапаттады.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі