Дана халқымыз: «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, мына өмірде қйыншылық көріп, тағдыр-тауқыметін тартып жүрген азаматтар қаншама.
Солардың бірі Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылында тұратын Сапаровтар отбасында үш бірдей мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады. Үйдің отағасы Әбдімутәліп пен оның жары Мұхаддас апайымыз 1-ші топтағы мүгедек, ал оның қызы Өктем 2-ші топтағы мүгедек ретінде тіркелген. Олар өздігінен жүріп-тұруға күші жоқ, біреудің қамқорлығына зәру. Осы үш мүгедекті 10-шы сыныпта оқитын Гүлбану есемді туысы бағып, қағады екен.
Осы отбасыға облысымыздың бас имамы Ахметжан қажы Керімбек арнайы өз атынан дәрі-дермектеріне қаржылай және азық-түлік (ұн, май, қант, шай, т.б.) түрінде қайырымдылық көрсетті.
Бұл отбасыға өкіл имам А.Пірәліұлы алдағы кездерде ұдай назарынға алып, әркез қол ұшын беруге әзір екендігін атап өтті.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі