Осы жылдың 24 ші сәуірінде Сайрам ауданындағы Құрманбек Жандарбеков атындағы мәденіет үйінде Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешіті жанындағы ақылдастар алқасының аудандық кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісте ҚМДБ ОҚО бас мешіті жанынан құрылған Ақылдастар алқасы төралқасының кеңейтілген мәжілісінде қабылданған «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» атты үндеуді талқылау және халыққа жеткізу мәселелері қаралды.
Аталған жиынға Сайрам ауданы әкімі Бахтияр Мамаев, облыстық діни істер департаментінің басшыыс Самат Сапарбаев , Сайрам аудандық ардегерлер үйінің торағасы Әлібек Байназаров, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы орынбасары Мусабек Ақтанберді және облыстық орталық мешіттің жанындағы Ақылдастар алқа мүшесі Рузақул Халмурадов , өңір-ауыл имам-молдалары, зиялы қауым өкілдері, білім саласы қызметкерлері және өзге де тұрғындар қатысты. Алғаш болып ОҚО діни істер департаметі басшысы Самат Сапарбаев халқының салт- дәстүрлерінің алар орны ерекшелігін атап өтіп, дәстүр діннің ажырамас бөлігі екенін дүйім жұртқа айтып өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің найыб имамы Мусабек Ақтанберді ОҚО тұрғындарына арналған Үндеуді түсіндіріп, баяндама жасады.
Сөз барысында қаралы үйде ысырапшылық пен астамшылыққа жол бермеу мәселелері, жаназа мен жерлеу рәсімдері кеңінен сөз болды.
Жарыс сөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназаров атқарылып жатқан игі бастамаға өз алғысын білдіріп, мұндай жиындарды әрдайым ауқымды етіп өткізудің қажеттілігін тілге тиек етті.
Жиын соңында шешім қабылдаған аудан имамы Исмаил Ыдрыс ұлы «Бүгінгі жиынды пайдалана отырып, Үндеуде ұсынылған ұтымды тәсілдерді қолдана отырып, бірінші кезекте, өңір, ауыл имам-молдаларын, сонымен бірге мешіттер жанындағы ақсақалдар алқа мүшелерін, өзге де ауылда айтарлықтай салмағы бар зиялы қауым өкілдерін, белсенді азаматтарды бірлесіп жұмыс жасауға, осынау теріс іс-әрекеттерге нақты тосқауыл қоюға шақырамын!» – деп, барша қауымды ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалануға шақырып, келелі кездесуде пікір алмасуға келіп отырған барша азаматтарға алғысын білдірді.
Сайрам аудандық « Ынтық Иманалиев» мешітінің баспасөз қызметі