Аталмыш тақырып аясында Сарыағаш ауданы, Келес өңірі, Абай аулындағы №110 жалпы орта мектепте жоғары сынып оқушыларына «Адасқан ағымдардан сақтанайық» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесуге Абай ауылы, «Халық қажы» мешітінің имамы Н.Момбеков, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Ауыл имамы елімізге сырттан келген жат ағымдардың бет-бейнесі мен олардың негізсіз ой-пікірлері жайлы кеңінен мәлімет беріп, жастарды құқық бұзушылықтан, сондай-ақ жастардың айықпас дертіне айналған агенттің зияндарын тілге тиек етіп, одан сақтануға шақырды. Сонымен қатар оқушылардан келген түрлі сұрақтарға жауап іздеді. Мектеп мұғалімдері мен оқушылар, осындай кездесулердің қоғамның біліктілігі мен білімін арттыру, ақпараттану тұрғысынан пайдасы зор екенін жасыра алмады.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі