Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай 17.04.2018 жылы Созақ ауданының әкімшілігнде болашақ қоғам иелері ОҚО дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры Асылбек Әуезханұлы аудан ішкі саясат қызметкерлері, теологтар, құзырлы органдардың басшыларымен бас қосып, дөңгелек үстел өтті. Бұл бас қосуда Созақ ауданындағы діни ахуал, ұрпақ мүддесі, елдің мұраты, тыныс – тіршілігі туралы сөз өрбіді. Елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтау үшін мешіт имамдары, спорт, мәдениет, өнерді – жастардың тәрбие құралына айналдыру керектігі ұсынылды. Қорыта айтқанда бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет.Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, адамгершілік сананы қалыптастыру әр азаматтың міндеті. Тәрбиенің көзі ата – бабамыздан қалған ана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз.
Созақ ауданы Орталық мешітінің баспасөз қызметі