Бүгін Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде ел мақтанышы болған Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың рухына арнайы Құран тиләуат хатым етілді.
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін рухани шараны облыс имам орынбасарлары Б.Әміре, М.Естеміровтар еске алып, оның ерліктері ел есінде екенін атап өтті.
Бүгін, яғни 4 сәуір Бекзат Сейілханұлының өмірге келген күні. Боксшы Бекзат көзі тірі болғанда биыл 36 жасқа толар еді.
Қазақ елін әлемге паш еткен спортшы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың жәйі жәннаттық болсын, Әмин!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі