ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, облыстық орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу курстарының (ДСАК) әйелдер бөлімі кезекті сынақтан өтті. Аталмыш сынақ ҚМДБ 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асты. Комиссия құрамына орталық мешітінің найб имамы Е. Қарақұлов пен ұстаздары Н. Бақытжанұлы және Е. Тәжібаев кірді. Әйелдер бөлімінің ұстазы Е. Абиеваның ұйымдастыруымен I және II-сатыларынан өту үшін сынақ тапсырылып,жалпы саны 35 шәкірт қатысты. Соңынан барлық шәкірттерге арнайы сертификат беріліп, үздік тапсырғандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, баспасөз қызметі