ҚМДБ Зекет қоры ОҚО-дағы филиалының ұйымдастыруымен облыстық орталық мешітінде қайырымдылық жәрменкесі өтті. Жәрменкеде сатылымға ұсынылған тағам түрлерін мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының әйелдер бөлімі дайындады. Облыстың Бас имамы А. Керімбек жәрменкені аралап, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. ҚМДБ Зекет қоры ОҚО-дағы филиалының өкілі Ербосын Айтмұхан атсалысқан барша жамағатқа алғысын білдіріп, жәрменкеден түскен қаражатты жағдайы төмен отбасыларға жұмсайтынын жеткізді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі