ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің бастамасына орай, Түркістан қалалық орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің ұйытқы болуымен және «Мейірім» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет-елге құрмет» атты дүниеден өткен барша ата-бабалар рухына Хатым Құран оқылып бағышталып, «Шойтөбе Төребек» мазаратына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мазараттың жалпы жері 100 гектар. Осы аумаққа тегістеу, арық ашу, көшет отырғызу шаралары жасалды.
Іс-шараға қаламыздың ақсақалдары, имамдары, жамағаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында барша жиналған қауымға, зияратқа келген жамағаттарға Түркістан қаласының бас имам Омар қажы Елеуұлы «Бабалар рухына» Құран бағышталып, уағыз насихат айтылды. Жамағаттар еліміздің амандығы, тұрақтылығы, дамуы үшін дұға етілді.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі