IMG 265

IMG 265

ОҚО Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінде ауданның бас имамы Анарбаев Самат қажының бастамасымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Келін, ененің топырағынан» атты мәдени іс-шара ауқымды түрде аталып өтті. Шараға аудандық «Төлеби туы» газетінің бас маманы, журналист О. Сүттібаев және аудандық «Ішкі саясат» бөлімінен қонақтар қатысты.
Негізгі қонақ ретінде шалғай жатқан ауылдардан 20 ене мен 20 келін қатысып, ақ жаулықты аналарымыз, ене мен келін арасындағы қарама-қайшылықтың туындауы мен отбасыдағы жарасымды өмір көріністерін өз өмірлерінен өткенін ортаға салып, болашаққа рухани тәрбие боларлық мол тағылымды, жарасымды сыйластықты қатысушы келіндер мен көрермендердің бойына сіңірді. Онда бұрынғы енелер мектебін көрген аналарымыз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеп өтті.
Аудандық «Нұр» мешіті имамы С. Анарбаев «Бесікке салу рәсімінде кіріспе ретінде Қазақ бесігінің киелі екендігін айта келіп, Бесік біздің ана құрсағынан кейін» күллі қазақ баласын жасына толғанша тербеген екінші құрсағымыз деген ойларын ортаға салды. Бесікке аса жауапкершілікпен, құрметпен қарауды насихаттады. Іс-шара барысында баланы «Бесікке салу рәсімі өтті. Онда 49 немере, 21 шөбере көрген ене, дәстүрді құрметтеп, шөпшек көрген енеге жолын беріп, баланы бесікке салу рәсімін өткізді.
Сонымен қатар аудан имамы Анарбаев Самат қажы келген қонақтарға келін енеден үлгі алады, ал ене қайдан үлгі алады? – деген сұрақтарды ортаға салу арқылы енелер мен келіндерді сұра-жауапқа шақырды. Рухани іс-шара соңында қазақтың қонақжайлық және сый құрметтеу дәстүрін айта келе жиынға келген қонақтарға аранайы сый–сыяпаттар, ұлттық тағамға толы дастарханнан дәм татуға шақырылды.

Төлеби аудандық «Нұр» мешіті баспасөз қызметі

IMG 261

IMG 262

IMG 263

IMG 264

IMG 265

IMG 266

IMG 267

IMG 268

IMG 269

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38