Шардара ауданы Ақшеңгелді ауыл округі Ақалтын ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ақалтын» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Ұлттық салт – дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері», – бойынша қабылданған «Үндеуге қолдау» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Ақшеңгелді ауыл округінің әкімі О. Сахов, ақылдастар алқасының мүшесі Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д. Байбек, «Ақалтын» жалпы орта мектебінің директоры Ә. Момынов, «Ақалтын» мешітінің азаншысы А. Телкозиев қатысты.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі