Өкіл имамның тапсырмасына орай, 28 наурыз күні Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің жанындағы Ақылдастар алқасының мүшелері Байырқұм ауылына арнайы барып, «Ұлттық салт – дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арналған үндеуді халыққа насихаттады. Ақсақалдар үндеуді тыңдағаннан кейін өз ой пікір ұсыныстарын ортаға салып, үндеуді қолдап, имамдармен бірлесіп, жұмыс атқаратындықтарын білдірді. Осы бағыт бойынша бас имамның қатысуымен Арыс қаласы ардагерлер ғимаратында қаланың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен үндеуді қолдайық атты дөнгелек үстел болып өтті.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі.