IMG 197

IMG 197

Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігіне қарасыты , Сарыағаш ауданы, Сарыағаш орталық мешітінің ұстазы Нарметова Зохраның ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай » Ұлттың игі тәлімі, дастүрімен танымды » атты іс -шара өткізілді. Сарыағаш ауданы бойынша жеті мешіт ұстаздары Мұстафа Өзтурк мешітінің ұстазы Бижанова Жазира. Осман ибн Аффан мешітінің ұстазы Нарметова Зохра. Мұсабек ата мешітінің ұстазы Турекулова Айнагүл. Құрбан қожа мешітінің ұстазы Мейірбекова Балжан. Нұр мешітінің ұстазы Кулиева Ақмарал. Ақжар мешітінің ұстазы Утешева Гулзада, «Ықылас» мешітінің ұстазы Махсутова Малика шəкірттерімен қатысты. Іс-шараны Сарыағаш орталық мешітінің бас имамы Қалдаров Берік мырза Құран аяттарының оқуымен бастап қатысушыларға сəттілік тілеп, ынтымаққа шақырды. Наурыз мерекесіне шəкірттер арасында «Қазақ » «Өзбек » «Тəжік » Түрік» ұлттары қатысып өз ұлттық тағамдарымен, ұлттық киімдерін дəріптеп, ұмытылып баражатқан сал-дәстүрден «БЕСІККЕ САЛУ » «ТҰСАУ КЕСЕР » «ҚҰРСАҚ ШАШУ » «БАСТАҢҒЫ » «АЖЫРАСУ КӨЖЕСІ » сияқты сахналық көріністер қойды. Сонымен Сарыағаш орталық мешітінің жанынан ашылған «Кəусар» тігін курсының шəкірттері өздері дайындаған заттармен қуандырды. Осман ибн Аффан жəне Мұстафа Өзтурк мешітінің шəкірттері арасында «ХАДИС ҒҰРПЫМЫЗ, СҮННЕТ САЛТЫМЫЗ » атты Хадис сайысы өтті. Əжелер мен келіндер өз үлестерін ұлттық тағамдар мен ұлттық қолөнерлерін xалыққа тарту етумен көрсетті. Мерекелік іс-шарамызға ОҚО бойынша әйел қыздар секторының жетекшісі Абиева Еңілік, арнайы келіп жиналған көпшілікті наурыз мерекесімен құттықтап ұстаздарға өз алғысын білдіріп шəкірттерге алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен бірге іс- шараға келген қонақтар «Дəуітұлы Шыңғысбай» мешітінің ұстазы Маканова Айгул ,»Əл – Муслим» мешітінің ұстазы Жүнісова Мақпал, Қазығұрт ауданы «Мұсылмандар «мешітінің ұстазы Оралбекова Асия шəкірттердің ұлттық тағамдарымен ұлттық киімдерін жəне хадис сайысына қатысқан шəкірттерге Алғыс хаттары марапаттады. Сарыағаш орталық мешітінің жанынан ашылған 3-айлық «Кәусар» тігін курсының ұстазы Рихсибаева Айгүл шəкірттеріне сертификат табыстады. Ақ дастарқан жайылы Наурз көже таратылды. Мерекеге жиналған халық өз алғыстарын білдіріп баталарын беріп, осындай ұлтық іс-шаралар жалғасымды болсын деп тарасты.

Сарыағаш орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 188

IMG 189

IMG 190

IMG 191

IMG 192

IMG 193

IMG 194

IMG 195

IMG 196

IMG 197

IMG 198

IMG 199

IMG 200

IMG 201

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38