Дініне бекем болмаған – ұлт құриды! Көктемнің алғашқы күндерінде аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде хакім Абай шығармашылығындағы имандылық жайлы танымдық дәріс оқылды. Дәрісті жерлесіміз, абайтанушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педпгогикалық университеті «Абай» ғылыми зерттеу институтының директоры, «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Шойынбет Жабал Алшынбекұлы мен Созақ ауданының бас имамы Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы «Дін мен дәстүрдің» сабақтастығымен байлынысы туралы уағыз айтты. Айтылған әңгіме жиналған көпшілікпен тартымды болуы үшін дәрістің орта тұсында сұрақ – жауаптармен өткізілді. Жабал Шойынбетпен Бас имам М.Есіркептің ауданымызға келіп, сырлы сұхбат өткізгеніне ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі