IMG 976

IMG 976

Пайғамбарлардың мөрі, он сегіз мың ғаламның сардары Пайғамбарымыз дәл осындай хадисті осыдан 14 ғасыр бұрын айтып, мұсылманның тазалыққа бейім һәм құштар болатындығын меңзеген еді. Дәл осындай бастамамен ОҚО өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев мырзаның тапсырмасы бойынша аптаның әр сенбісі «Тазалық күні» болып бекітілген болатын. Бұл бастамадан Мақтарал ауданы да қалыс қалмады. Аптаның әр сенбісінде барлық мешіттерде тазалық шарасы ұйымдастырылып, оған мешіт қызметкерлерімен қоса жамағаттар, қала- ауыл тұрғындары да қатысып, белсене араласуда. Күн көзі көрініп, қыс ауасы басылғаннан кейін тазалық істері де көбейіп, барлық жамағат жұмылдырылуда. Атыз- арықтар күл қоқыстан, өзге де қажетсіз заттардан тазаланып, мешіт көркіне көрік қосып келеді. Сонымен қатар, мешіт аулаларын көгалдандыру бойынша мәуе ағаштары отырғызылуда. Бұл бастама әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 972

IMG 973

IMG 974

IMG 975

IMG 976

IMG 977

IMG 978

IMG 979

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38