«Руханижаңғыру» бағдарламасы аясында Созақ ауданының 90 жылдығы және Наурыз мерекесіне орай аудандық орталық кітапханада «Ұстазы жақсы елдің ұстанымы берік» атты өлке білім беру ісінің ардагерлермен кездесу кеші өтті. Кеш басында Созақ ауданының бас имамы Есіркеп Мейрамбек марқұмдарға Құран бағыштап, бата жасады. Кештің мақсаты – өлке мерейтойын ұлықтау, қарапайым еңбек адамдарының ғибратты ғұмырларын, шәкірт оқыту,тәрбиелеу ісіндегі ерен еңбектерін таныту, рухани тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру болып табылады. Ардагер устаздар шәкірт тәрбиелеудегі күрделі де жауапты, қызықты, тартысты күндері жайлы өнегелі әңгімелер айтты. Аудандық архив мекемесі мен кітапхана ұжымы ардагер ұстаздарға сый- сияпат жасады. Қонақтар наурыз дастарханынан дәм татты. Кеш соңы мерекелік шараларға ұласты.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі