SAM 200

 SAM 2002016 жылдың 19 наурыз күні Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы «Есілбай ата» мешітінде  «Қош

келдің әз наурыз» атты діни-рухани  

іс-шара ұйымдастырылды. Ең әуелі 400 дей мешіт алдында жиналған жамағатқа «Темірлан» мешіті имамы Т. Сүйінжанов қасиетті құраннан аяттар оқып, бата берді. Кешке арнайы келген Бекзат Сәкенұлы жамағатты наурыз мерекесімен құттықтай келе, сөз кезегін аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітінің найб имамы Н.Шалхаровқа ұсынды. Осындай іс-шаралар кейінгі уақытта халықтық сипат алып, мешіт алдында өткізілуініңде  өзіндік себебі бар. Өйткені қуанған мен жабырқаған кездерімізде көңілімізге демеу болатын ол мешіт екендігі баршаға аян. Ата-бабаларымыз айтқандай: бақыт қайда барасың? Дегенде ынтымағы, бірлігі  жарасқан елге барамын деген нақылды көпшілік есіне салды. Кеш барысында Қанатбек Болатбеков пен Ербол Тұңғышұлы жырдан шашу шашты. Кешіміз қыза келе жүргізуші Бекзат Бауырымыз көпшілікке белгілі айтыскер ақындар Біржан Байтуов пен Нұрбек Мейірбектерді таныстырып, айтысқа кезек берді. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын жамағат айтыс көріп, ризашылықтарын білдірді. Кеште сонымен қатар спорттық іс-шаралар өтті. Атап айтсақ арқан тартыс, кір тасын көтеру, армрестлинг, қошқар көтеру. Арқан тартыс командалық арасында өтті. Оның жүлдесі 5000т. Кір тасын көтеруден 1ші орынға 5000т және кілем, 2ші орынға кілем, 3ші орынға палас ұтыс сыйлығы берілді. Армрестлингтен сайысқа қатысқан 1ші орын алғанға 5000т ұтыс берілді, 2ші орынға 3000т, 3ші орынға 2000т ұтыс берілді. Және апалар арасында армрестлингтен 1ші орынға 5000т ұтыс берілді. Қошқар көтеруден 100 рет және 101 рет көтерген бауырларымызға 5000 теңгеден берілді. Ал 121 мәрте көтерген Ысқақов Дәулет бауырымызға сол көтерген қошқар берілді. Жиналған көпшілік осындай іс-шараны ұйымдастырған мешіт жамағатына алғыстарын айтып, дән риза болып қайтты.

Және осы кеште Шолақов Орынбай ағамызға ауыл азаматы 45-50 мың теңге жобасында тұратын мүгедек арбасын сыйға тарту етті.

 SAM 199

 SAM 200 

 SAM 201

 SAM 202

 SAM 203

 SAM 204

 SAM 205

 SAM 207

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38