SAM197

 SAM197

Шымкент қаласындағы «Сейіткәрім қажы» мешітінің имамы Сейтахмет Темірбектің бастамасымен қыздар арасында Құран жарысы болып өтті.

Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан 40 шәкірт қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде 30-шы пара бойынша бірінші орынды Қасимбекова Муслима,  екінші орынды Анарбаева  Мариям, ал үшінші орынды Мухиддинова Махлия иеленді.

Сондай-ақ,  10 сүре жаттағандар арасында бірінші орынды Бахритдин Ясмина, екінші орынды Сейтжан Асылай, үшінші орынды Сейітжан Бейжан жүлдесіне ие болды.

Барлық қатысушыларға бағалы кәде-сыйлық берілді. Шараның өтуіне демеушілік жасаған азаматтарға Алла разы болсын!

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 SAM197

 SAM198

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38