Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде әз-Наурыз айының құрметінеҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚОбойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Әз Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі!» атты мерекелік шарасы болып өтті.
Алдымен дәстүрлі түрде «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» акциясы аясында мешіт ауласына жеміс ағаштары отырғызылды.
Мерекелік шара қасиетті Құран тіләуат етумен басталды. Осыдан кейін, ел ағаларына құттықтау сөз берілді. Әз наурыз мерекесімен құттықтау үшін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, ОҚО Дін істер басқармасының басшысы Батырбек Жалмұрзаев, Қайырымдылық мекеме басшысы Аманкелді Есей, «Ықылас» қарилар дайында орталығының басшысы Қалиолла Маджанов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қамбар қажы Жұмжай, ОҚО Әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Нұржан Тұрсынбай т.б. зиялы қауым өкілдері мерекемен құттықтады.
Мерекені әрін кіргізу үшін ұлттық ойын түрлерін кезек берілді. Атап айтқанда, арқан тарту, қол күрес, кір көтеру түрлерінен сайыс өтті.
Сайысқа ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және Асхат Мәуленовтер төрелік етті. Кір көтеру сайысы бойынша І-орын Сахи Ербол, ІІ-орын Қалметов Шухрат, ІІІ-орын Сарсенбаев Алишер иеленді. Ал қол күрестен І-орын Халметов Ниматжан, ІІ-орын Дәулет Жарылқап, ІІІ-орын Мырзақов Нұрлан алды.
Сонымен қатар, арқан тарту сайысы бойынша 6 команда қатасып, І-орын «Облыстық мешіт» командасы иеленді. Ал ІІ-орын «Әл Фараби» командасы, ІІІ-орынды «Еңбекші» командасы ұтып алды. Барлық ойынға қатысушыларға өкілдік тарапынан баға сыйлықтар табыс етілді.
Облыстық мешіт ауласына «Шымкент» медресе-колледжі, «Ықылас» қарилар дайындау орталығы және «Жібек жолы» мекемелері 3 ақшаңқа киіз үйлер тігіліп, көпшілікке мерекелік дастархан жайылды.
Жалпы, наурыз мерекесін оңтүстік қазақстандық жамағаттар бар сән-салтанатымен тойлады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі