Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданында той мәдениетіне қатысты кеңейтілген семинар ұйымдастырылды.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров, ардагерлер мен мешіт имамдары және сала жетекшілері қатысты.
Басқосу аясында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, қалалық дін мен дәстүр бөлім маманы Самат Анарбаев ас беру мәдениеті мен той мәдениетіне байланысты арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ, семинар барысында ҚМДБ-ның ас беру мәдениеті құжатын жан-жақты насихаттау мәселелері талқыланды. Жиын соңында насихат және түсіндіру мақсатында асабалар мен тойхана иелерімен түрлі деңгейде кездесулер мен басқосулар өткізілетін болып шешілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі























