Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы, Абай ауданы Әл-Кәусар мешітінде «Уақып-сауабы мол амал» атты рухани-танымдық семинар өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, уақып қоры бойынша атқаратын жұмыс жоспарын таныстырды. Сондай-ақ семинар барысында қалалық Уақып қорының жетекшісі Ералы Есенгелдиев арнайы жыл бойы атқарылған жұмыстарды баяндап, есебін беріп, келер жылғы маңызды жоспарларымен таныстырды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38