«Көрме» орталығында қалалық ардагерлер ұйымының пленумы өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи циклдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын насихаттау мәселесі сөз болды. Жиынға 70-ке жуық аға буын өкілі жиналды: пленум мүшелері, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен орынбасарлары, зиялы қауым өкілдері, салалық және бастауыш ардагерлер ұйымдарының, аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ журналистер қатысты. Жиынды қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев жүргізді. Аталған жиынға Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінің имамы Мұхамеджан Естеміров қатысты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38