Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы, Абай ауданы Мастура қажы мешітінде «Уақып — сауабы мол амал» атты рухани-танымдық семинар өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, уақып қоры бойынша атқаратын жұмыс жоспарын таныстырды. Сондай-ақ семинар барысында қалалық Уақып қоры туралы арнайы баяндама жасалды. Семинар барысында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38