ОҚО Сарыағаш ауданы, Сарыағаш орталық мешітінің Əйел – қыздар секторы Нарметова Захираның ұйымдастыруымен. Аналар күніне орай «Аналарды қадірлейік» атты қайырымдылық іс шарасын өткізді. Жағдайы төмен 10-отбасының аналарына дастарқан жайып дəм таттырып сый сияпаттар беріп, жылы лебізбен көңілдерін көтерді. Нұрлы аналарға «Əжелер мектебінің əжелері өз ақыл кеңестерін айтты. Қонақтар ризашылығын білдіріп əдемі дұғалар жасап тарқасты.
Сарыағаш орталық мешітінің баспасөз қызметі