Шымкент қаласында орналасқан «Ал-Муслим» мешітінде әйел жамағаттары арасында «Парыз Алладан, Хадис Расулден» атты аналарға қатысты хадистің мағынасын және қырық парызды жатқа айтудан сайыс болып өтті. Мешіт бас имамы Бегайдар қажы Алтайұлы шәкірттерге ілім алудың маңыздылығы жайлы сөз қозғап сайыста сәттілік тіледі. Сайыстан үздік шыққан үш шәкіртке,
1 –ші орынды Аманбай Әсемай
2-ші орынды Ибраева Салтанат
3-орынды Қарабатырова Дария иеленіп бағалы силықтар табысталды, және басқа қатысушы шәкірттерге арнайы бас имамның атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар үлестірілді. Шәкірттер арасындағы ілім сайысы келген қонақтарға оң әсерін беріп өз алғыстарын білдіріп қайтты.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі