Аудан әкімшілігінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі ауданының бас мешіті жанынан құрылған «Ақылдастар алқасының» кеңейтілген мәжілісі өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков ашып, жүргізді. Облыстық дін істері басқармасының басшысы С.Сапарбаев, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев, қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов өз сөздерінде «Ақылдастар алқасының» кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың облыс халқына арнаған Үндеуін нақты жүзеге асыру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен діни рәсімдердің үйлесімділікте қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Зейнеткер Қ.Әріпбаев, аудандық мешіттің бас имамы Б.Әшірбай да қазіргі таңдағы көкейтесті мәселе турасындағы ойларын айтты.
Мәжіліс қорытындысында Б.Әшірбайдың ұсынысымен «Ордабасы оттары» газеті» ЖШС-інің директоры бас редактор, аудандық мәслихаттың депутаты Ғ.Зиябек ауданның бас мешіті жанынан құрылған «Ақылдастар алқасының» төрағасы болып бірауыздан сайланды.
Ордабасы ауданының орталық мешітінің баспасөз қызметі