SAM196

 SAM196

Жуырда,  Шымкент қаласы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Анаға құрмет- елге құрмет» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Талғат Әсембай арнайы қатысып, өкіл имамның құттықтау хатын жеткізді.

Аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжан Сыздықованың бастамасымен діни сауат ашу курсынан 29 әйел дәріс алуда. Осы кісілерге арнайы дастархан жайылып, сый-сияпаттар үлестірілді.

Шара барысында дін мен дәстүр, тарих тағылымы жөнінде уағыз айтылып, арнайы баяндамалар оқылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38