Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінің 2026 жылғы түлектеріне диплом табыстау шарасы өтті.
Игі шараны «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы атынан найб имам Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров ашып, бітіруші түлектерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қызмет барысында табыс, жеміс һәм сәттілік тіледі.
Биылғы жылы «Шымкент» медресе-колледжін 166 шәкірт тәмамдады. Оның ішінде 19 шәкірт үздік атанып қызыл диплом иегері атанды. Сондай-ақ, бірнеше түлек оқуын әрі қарай жалғастыру үшін Түркия Республикасы «Хасеки» діни академиясына және Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне үміткер ретінде құжаттарын өткізді. Мұнымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бітіруші түлектер имам, наиб имам, ұстаз және азаншы сынды қызметтерге бөлінді.
Жолың болсын жас түлек!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38