Бүгін, Шымкент халықаралық әуежайында ҚМДБ Тауаф қажылық компаниясы арқылы қажыларымыздың қасиетті мекенге шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Игі шара алдымен қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Салтанатты шараға шаһар бас имамы орынбасары Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Исламқұл Иманқұлұлы, Жандос Орынбайұлы, Әлжан қажы Сәдиев қатысып, сәттілік тіледі.
Айта кету керек, қажыларға әуелі Сейтжан қари мешітінің конференция залында арнайы семинар ұйымдастырылды. Осыдан кейін Шымкент халықаралық әуежайында шығарып салу ұйымдастырылды.
Биыл төрт мың отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға лицензиясы бар 14 қажылық компаниясы қызмет көрсетеді. ҚМДБ жанынан құрылған Қазақстан Қажылық миссиясы ұйымдастыру-үйлестіру, алғашқы медициналық көмек, уағыз-насихат, пәтуа беру және ақпарат тарату сынды бес бағытта қажыларға қызмет көрсетеді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




















