Шымкент қаласының мешіттері жазғы үш апталық ИМАНИ ЖАЗ 2026 жазғы діни сауат ашу курсына шақырады. Курста оқушылар «Имандылық әліппесі» атты кітапша негізінде сабақ өтеді. Сабақта Алланың көркем есімдері, мақал-мәтелдер, ғибратты әңгімелер мен ислам әдептерін үйренеді. Оқу 1 маусымнан басталады. Балалар аптасына 5 күн, сағат 10.00-14.00 арасында оқиды. Сенбі және жексенбі күндері демалыс. Оған 10-15 жастағы мектеп оқушылары қабылданады. Оқу тегін. Талап етілетін құжаттар: ата-ананың өтініші, туу туралы куәлігі (көшірме). Құжаттарды қабылдау 20-30 мамыр аралығында жүреді.
Мекен-жайымыз:
ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з. Әзімбек ұстаз 8-775-626-03-34.

