Бүгін Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясына қолдау жане Қазақстан Республикасының 35 жылдық мерейтойына орай Шымкент медресе колледжінің ауласына ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Ерман Бекбауов, Ербосын Орын, Ералы Есенгелдиев, Ербол Қалшабек және медресе колледж студенттері мен имамдары қатысты.
Игі шараға қолдау көрсеткен шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған имамдарға Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі











