Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және жуырда ашылған дәстүр және отбасы бағыты аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде «Салт-дәстүр» орталығында қасиетті Рамазан айы мен халал өнімдеріне байланысты мәжіліс өтті. Басқосуға аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров бастаған аудандық сала жетекшілері, Шариғат және пәтуа бөлімі, Жастар ісі секторы және бірқатар азаматтар қатысты.
Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Дәстүр және отбасы бағытын басшылыққа ала отырып, дін мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып құндылықтарын насихаттау және ауызашар дастарханына қойылатын талаптар мен ас мәзірі халал куәлігін алған болу керек екендігін айтты.
Осы орайда, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы тарапынан берілетін тапсырмаларды дер кезінде жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар пысықталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38