Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла» шарасы өтті.
Оған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың атынан, найб имам әрі аудан кураторы Ахметжан Керімбек, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі әрі аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров және сала бойынша жетекшілері Жастар ісі секторы мен мешіті мешіт имамдары қатысты.
Игі шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы 1-5», «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» сынды 22 әртүрлі құнды кітаптары мешіт кітапханаларына табыс етілді.
Осы орайда, шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес мешіт жамағаты мен аталмыш кітап аясында түрлі деңгейдегі кітап оқу сайыстар мен жарыстар өткізуді тапсырды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38