Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент медресе колледжіне «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында игі шара ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров және Жастар ісі секторы мен ұстаздары қатысты.
Игі шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы 1-5», «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» сынды 22 әртүрлі құнды кітаптары мешіт кітапханаларына табыс етілді.
Осы орайда, медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың ұйғарымымен студенттер арасында аталмыш кітаптар аясында түрлі деңгейдегі кітап оқу сайыстар мен жарыстар өткізілетін болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38