Қаратау ауданында әйелдер мен қыздарға арналған жаңа медресе ашылуға дайын
Қаратау ауданы, Жанқожа мешітінің жанынан әйелдер мен қыздарға арналған жаңа медресе бой көтеріп келе жатыр. Қазіргі таңда жамағатпен алғашқы танысу әрі тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында медресе ғимараты тазаланып, оқу орнының ішкі дайындығына мән берілді. Сонымен қатар жамағатпен танысу шайы өтіп, алдағы жоспарлар мен медресенің мақсаты туралы ортақ әңгіме өрбіді.
Жақсылыққа себепші болған демеуші азаматтардың қолдауымен медресеге қажетті кілемдер алынып, жамағатқа арналған тұрмыстық әрі оқу құралдары жеткізілді. Бұл — ілім жолындағы қыз-келіншектерге жасалған үлкен қолдау әрі сауапты іс.
Алдағы уақытта бұл медресе әйелдер мен қыздардың діни білім алып, рухани тұрғыда дамуына қызмет ететін маңызды орталыққа айналады деп күтілуде.
Алла Тағала ниет еткен барша жандардың ықыласын қабыл етіп, бұл бастаманы берекелі етсін.










