Бүгін Шымкент қаласы Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінде «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» жылы аясында Имамдардың діни біліктілігін арттыру көшпелі семинары болып өтті.Семинарға шаһар Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының бірінші орынбасары, Тұран ауданының кураторы Мұсабек қажы Ақтамбердіұлы, аудан Бас имамы Бекбауов Ерман имам және ауданға қарасты мешіт имамдары қатысты.
Айтулы шараны аудан бас имамы Бекбауов Ерман имам ашып, Тұран ауданына шаһар Бас имамы тарапынан куратор болып бекітілген Мұсабек қажы Ақтамберді имамды және ТӨРТ бағытқа жауапты имамдарды, 29 салаға жауапты мамандарды таныстырды.
Тұран ауданының кураторы Мұсабек Ақтамберді имам сөз алып, имамдарға «Ислам және Адал қоғам» тақырыбында баяндама жасады.
Шара барысында Тұран ауданының төрт бағыт жауаптыларына да сөз беріліп, ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт бағыт жұмыстарын жан-жақты түсіндіріп, баяндады.
Жиын соңында ақсақал имам бата берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







