Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында осылай мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, біз жыл сайын атқаратын жұмыстарымыздың негізгі бағыттарына басымдық беріп келеміз. Бұл игі бастама діни салада үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік беруде. Жұмыс нәтижесі мен жинақтаған тәжірибемізді ескере келе, 2026 жылы негізгі 4 бағыттағы жұмыстарға, атап айтқанда, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр және отбасы, жат діни ағымдардан сақтандыру іс-шараларына басымдық береміз»,- деді Бас мүфти.





By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38