Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес, Тұран ауданының имамы Бекбауов Ерманның ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы жылы” аясында «ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ОТЫН ЖАҚҚАН РУХ» тақырыбында рухани іс-шара болды.

Рухани жиынға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы және Тұран ауданының кураторы Сарыбаев Қазыбек имам қатысты.
Жиын басында шаһар Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы жастарға Тәуелсіздік Тәңір берген тәтті сый екенін насихаттады. Тұран ауданы «Айқап» мешітінің имамы Әбішев Әскен Жастар тәрбиесінің маңызы тақырыбында сөз сөйледі. Жиын соңында желтоқсан құрбандарының рухына сауабы бағышталып,Хатым Құран дұғасы жасалды. Рухани кеш Тұран ауданына қарасты ”Мейірман ата” мешітінде өтті. Атсалысқан ауданға қарасты мешіт имамдарына және Ескермесов Сұлтанали имамға алғыс білдіреміз!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38