Бүгін, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті Жастар ісі секторының жетекшісі Шаймерден Бағдат- Жетісай қаласында орналасқан «Жанықұл» медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы: Дін және зайырлы қоғам. Жиынға 100- ге жуық студенттер және колледж ұстаздары қатысты. Семинарда қозғалған тақырыптар аясында діни деструктивті ағымдардан сақтану, алдын алу жолдары және де зайырлылық ұғымдары түсіндірілді. Жиналыс соңында студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұтымды жауаптар алды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі