2018 жылы 18- ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Зекет қорының Мақтарал ауданындағы өкілдігінің жауапты маманы Паташов Бауыржанның ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалынды. Атакент қалашығы, Абай ауылында тұратын жетім балаларға 120 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Көмек заттай (қысқы және жазғы киім-кешек пен аяқ киімдер, мәсі, калош) және азық-түліктей (5 литр сұйық май, күріш, қант, ұн, жеміс- жидектер т.б) болып берілді. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар (сөмке, мектеп формасы) мен қоса 20,000 теңге қаржылай қаражат табысталды. Алла игі істерді жалғастыруды нәсіп етсін.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі