Бүгін Шымкент орталық мешітінде Дін мен дәстүр І, ІІ, ІІІ кітаптарын насихаттау мақсатында әйел-қыздар жамағаты мен шәкірттер арасында сайыс өтті.
Сайысқа үлкен апаларымыз, орта буындағы шәкірттеріміз және жас буын өкілдері қатысып, ұлттық тәрбиенің мән-маңызы туралы өзара тәжірибе алмасты.
Сайыс барысында, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Мысалы, «Сыбаға деген не?» секілді танымдық сауалдар арқылы қатысушылардың білім деңгейі сыналды. Дұрыс жауап берген шәкірттерге зәмзәм суы, кітап, мисуак секілді сыйлықтар табысталды.
Құрметті апаларымызға дәстүріміздің айшығы — кимешек тағылып, сонымен бірге орамал сыйға тартылды. Бұл — аға буынға деген ізет пен құрметтің белгісі ретінде қабылданды.

Шараның негізгі мақсаты — дін мен дәстүрдің ұштасқан тұстарын таныту, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және жастардың ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілігін арттыру болды.

Осындай игі іс-шаралар қауымдастығымыздың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің артуына өз үлесін қоса бермек.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38