Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде Мұнара газеті мен Иман журналының оқу һәм насихаттау бұрышы ашылды.
,,Негізгі мақсат — Мүфтият басылымдарын исі мұсылман жамағатына таныстыру болып табылады. Оқуға және өзімен алып кетуіне болады.
Осы игі бастаманы өзгеде мешіттерден ашу жоспарлануда»,- деді Мұхамеджан Естемиров.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

