Бүгін Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Еңбекші ауданы “Тура жол” мешітінде “ДІН МЕН ДӘСТҮР” бағыты бойынша Хәкім Абай Тағылымы атты мешіт шәкірттері арасында сұрақ-жауап, қара сөздері және де өлеңдерін жатқа айтудан сайыс болып өтті.

Игі шараға “Тура жол” мешіті имамдары және де Шымкент қаласы Жастар секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков имам, Қаратау ауданы бойынша жастар бөліміне жауапты Бекарыс Түгелбайұлы имам қатысып, Дін мен Дәстүр сабақтасығы, Абай атамыздың дін саласында атқарған еңбектері жайлы насихат жүргізді.

Шара соңында үздік қатысып белсенділік танытқан шәкірттерге сый сиапаттар беріліп, алғыс хаттар мен марапатталды. Шараға қатысқан барша жандарға Алла разы болсын!!!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38