IMG 544

IMG 544

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 14 ақпан күні Түркістан қаласы «Түркістан» медицина колледжінің қыз студенттерімен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тақырыбында кездесу өтті. Кешті «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас инспекторы Ақмарал Әбдінабиева жүргізіп отырды. Мешіт ұстаздары қыздарға «Қыз тәрбиесі», «Дәстүрмен діннің байланысы» тақырыптарында уағыз насихат айтса, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас инспекторы Ақмарал Әбдінабиева қыздар арасындағы суицидпен және оның алдын-алу мақсатында өз ой насихатын айтты.
Кездесу кеш өте жоғары деңгейде өтті. Студенттер тарапынан түрлі толғандырып жүрген сұрақтар қойылып, қонымды жауаптар алды. Студенттер тарапынан алдағы уақыттада осындай кездесулер көп болса деген өтініштер айтылды.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 544

IMG 545

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38