Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Абдрахман мешітінде көшпелі оқу семинары өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы атынан, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Жиын барысында аудандық қажылық бөлім жетекшісі Асқарғали қажы Сатыбалдиев қажылық парызын өтеу және бүгінгі таңдағы өзгерістер туралы баян етті.
Сонымен қатар, дін қызметкерлеріне Қажының рухани келбеті құжатын таныстырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі







