Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Абдрахман мешітінде ҚМДБ концептуалды құжаттарына сәйкес кеңейтілген мәжіліс өтті.
Басқосуға қалалық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы басқосуда қалалық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжаттарға мән беріп, әрбір мешіт имамдары жүзеге асыруы және уағыз -насихат айту, т.б түрлі деңгейдегі кездесулер қызметтік этика сақталуы тиіс екендігін баса айтты.
Сонымен қатар, дін қызметкерлеріне Уағыз айтудың әдебі құжатын түсіндірді. Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








