Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы Сейтжан қари мешітінде ҚМДБ концептуралды құжаттарына сәйкес кеңейтілген мәжіліс өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, орынбасары Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов Ербол Қалшабек Ералы Есенгелдиев, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты.
Айтулы басқосуда шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Астана қаласында ІІ Халықаралық Құран жарысының бас төрешісі болған, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Есжанұлы Сейтжан қари мешітінің бас имамы Ерсін қари Бекайдарұлына шапан жауып, құрмет көрсетіп, шынайы алғысын білдірді.Алла Тағала жұмыстарына береке берсін.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38