Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп « Жат ағым жарға жығады» тақырыбында танымдық-рухани семинары ұйымдастырылды.
Семинарға Шымкент медресе колледжінің Жастар ісі меңгерушісі Мұсатай Ерболат Оңалқанұлы мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабеков қатысып, студенттерге дәріс оқыды. Студент жастар сұрақ қою арқылы көп ақпаратқа ие болды.
Жоғары деңгейде өткен шараға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





