Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы Сейтжан қари мешітінде ҚМДБ концептуралды құжаттарына сәйкес қалалық Тәртіп кеңесінің отырысы өтті.
Басқосуға қалалық Тәртіп кеңесінің толық мүшелері шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, орынбасары Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов Ербол Қалшабек Ералы Есенгелдиев, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Айтулы басқосуда қалалық Тәртіп кеңесінің төрағасы Бекайдар Әміре ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжаттарға мән беріп, әрбір мешіт имамдары жүзеге асыруы және уағыз -насихат айту, т.б түрлі деңгейдегі кездесулер қызметтік этика сақталуы тиіс екендігін баса айтты.
Сонымен қатар, дін қызметкерлеріне ИМАМНЫҢ ЖАМАҒАТ НАМАЗЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ құжатын таныстырды.Кеңес барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі










